Текст
17.03.2025
15 Наурыз – Қайырымдылық күні 

Қайырымдылық – адамгершілік пен жанашырлықтың белгісі! 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай мектебіміздің жас мамандары игі іс жасап, қар күреп, мұқтаж жандарға азық-түлік алып берді.
Бұл бастама бір-бірімізге көмектесу, қамқорлық таныту және ізгілік жасау сынды асыл қасиеттерді дәріптеуге бағытталған.
Осындай игі істер жалғасын тауып, қоғамда мейірімділік арта берсін!
Жақсылық жасаудан жарысайық! 