Құрметті кәсіподақ ұйымы және ұйымдастырушылар!
Біздің мектеп ұжымы үшін Өзбекстанға жасаған бұл сапар – тек демалыс емес, нағыз тарихи және рухани саяхат болды!
Ташкент – заманауи мен тарихи сәулеттің тамаша үйлесімі,
Бұхара – көне заманның шежіресін сақтаған рухани орда,
Самарқанд – Ұлы Жібек жолының жүрегі, мәдениеттің алтын бесігі.
Әрбір қала өзіндік ерекшелігімен таңғалдырды, жаңа білім мен рухани шабыт сыйлады. Осындай әсерлі сапар ұйымдастырған Ақмола облысының кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Абдрахмановқа және Шортанды ауданының кәсіподақ ұйымының төрағасы Т.Хаверкоға шексіз алғысымызды білдіреміз!
Өзбекстан – көрген сайын таңғалатын, қайта айналып келгің келетін мекен екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік.
Ыстық ықыласпен,
“Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры А.И.Молдобаева