Текст
1 сәуір күні педагогикалық кеңес өтті
Кеңесте III тоқсанның қорытындысы шығарылып, оқушылардың оқу нәтижелері мен тәртібі талқыланды. Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі тоқсанда жаңа әдіс-тәсілдер мен шығармашылық көзқарас қолдану керектігі айтылды. Ұстаздарға кәсіби дағдыларды жетілдіру, оқушылармен тиімді жұмыс жүргізу бойынша ұсыныстар берілді. Болашақта білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдар белгіленіп, барлық мұғалімдерге міндеттер жүктелді.
Барша ұстаздарға алғыс айтып, білім саласындағы жетістіктеріміздің артатынына сеніміміз мол!