Текст
«Пән city» — көрерменнің сүйікті командасы!
«Әкім кубогы – 2025» аясында өткен «Көңілді тапқырлар алаңы» фестивалінде Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері «Пән city» командасы «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды!
Бұл — тек жеңіс емес, көрермен ықыласының, еңбектің және бірліктің жемісі. Әр әзілдің артында маңдай тер, әр жауаптың артында ізденіс жатыр.
Команда мүшелеріне шығармашылық табыс, ал көрермендерге – қолдаулары үшін алғыс!
Команда мүшелеріне алғысымыз шексіз! Әлі талай белес сендердікі болсын!
Құттықтаймыз