«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШОРТАНДЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЖОЛЫМБЕТ КЕНТІНІҢ   №2 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ " СРЕДНЯЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №2 ПОСЕЛКА ЖОЛЫМБЕТ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ШОРТАНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ» 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

4 “А” сынып – Бастауышпен қоштасты!

26.05.2025

4 “А” сынып – Бастауышпен қоштасты!

Бүгін 4 “А” сынып оқушылары үшін ерекше, толқынысқа толы сәттердің бірі болды — “Бастауышпен қоштасу” тәрбие сағаты өтті. Бұл — балалықтың бал бөбектік белесімен қоштасып, жаңа білім кеңістігіне қарай қадам басатын ұлы сәт!

Оқушылар төрт жыл бойы әріп танып, сан үйреніп, дос табуды, тәртіп пен тәрбиені меңгеріп, алғашқы ұстаз — Майра Хыдырханқызының мейірімін сезініп өсті. Бүгін олар бастауыштың алтын табалдырығын артқа қалдырып, жаңа кезеңге аяқ басты.

Тәрбие сағаты шынайы әсер мен толғанысқа толы сәттерге ұласты. Ән айтылды, жыр жолдары оқылды, алғыс пен ақ тілектер ағытылды. Балалар ұстазына, ата-анасына ризашылықтарын білдіріп, жүрек тербеген сәттер сыйлады.

Құрметті 4 “А” оқушылары!
Алдарыңыздан ашылар әр жаңа белес сәтті болсын! Ізденістен талмай, білім жолында асқақ армандарға жетулеріңізге шын жүректен тілектеспіз.

Просмотров: 6

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Komek insta

*ȥ;s6;?Ib>S?]j޷cF#
Текст