Текст
Президент жолдауы
“Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Жолымбет кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ ұстаздары бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирден тыңдады.
Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа басымдықтары, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, цифрландыру және қауіпсіздік салаларындағы өзекті мәселелер қозғалды.
Ұстаздар қауымы Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға өз үлестерін қосуға әрдайым дайын!
#Адалазамат
#Біртұтас_тәрбие
#aqmolaedu
#oqýagartu