13.10.2025
Lesson Study аясындағы алғашқы отырыс
2025 жылдың 13 қазан күні мектебімізде Lesson Study зерттеу тәсіліне негізделген бірінші отырыс өтті. Бұл кездесуде зерттеу сабағын өткізетін мұғалім алдын ала дайындаған сабақ жоспарын таныстырып, топ мүшелерімен бірге егжей-тегжейлі талқылады.
Отырыс барысында:
- Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері нақтыланды;
- Тапсырмалар мазмұны сараланып, оқушылар деңгейіне бейімделді;
- Сабақ барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер (топтық жұмыс, рефлексия түрлері) таңдалды;
- Бақылауға алынатын оқушылар анықталып, олардың оқу үдерісіндегі белсенділігі мен түсіну деңгейін зерттеу жолдары қарастырылды.
Топ мүшелері бірлесе отырып, сабақты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар берді. Отырыстың нәтижесінде сабақ құрылымына бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жұмыс алдағы зерттеу сабағының сапалы әрі нәтижелі өтуіне мүмкіндік береді.