15.10.2025
2025 жылғы 15 қазан күні бастауыш сынып мұғалімдері Lesson Study аясында алғашқы зерттеу сабағының жоспарын бірлесіп талқылады. Сабақ 2-сыныпта қазақ тілі пәнінен өтеді.
Сабақтың тақырыбы:«Дауысты және дауыссыз л мен р дыбыстарын ажырату»
Талқылау барысы:
- Сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелері нақтыланды;
- Сабақ құрылымы бастауыш сынып деңгейіне сәйкестендірілді;
- Тапсырмалар ойын арқылы, көрнекілікпен түсіндіру жолдары ұсынылды;
- Бақылауға алынатын 3 оқушы анықталды (жоғары, орта, төмен деңгейлі);
- Рефлексия әдісі ретінде «Смайлик», «Бағдаршам», «Мен білдім...» сияқты тәсілдер ұсынылды.
Мұғалімдер баланың жас ерекшелігіне сай оқыту әдістерін іріктеп, сабақтың мазмұнын қолжетімді әрі қызықты етіп құруға келісті. Келесі қадам – сабақты өткізіп, бақылау және талдау.
Бұл жоспарлау отырысы бастауыш сыныпта Lesson Study жүргізуге сәтті бастама болды.