Текст
18.10.2022
18 қазан күні мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары "Мағыналы күн" атты ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты сүйікті білім ордасының ауласын көгалдандыру. Кейде күнделікті қарбаластың ішінде жүріп, қоршаған ортаға тиімді іс жасау үшін өте аз нәрсе керектігін ұмытып кетеміз. Бар болғаны - ағаш егіңіз, сонда өз мектебіңізге, аулыңызға деген сүйіспеншілігіңіз жасыл бақ кейпінде мәңгіге есте қалады.